ҚМГ мен Eni компаниялары тәжірибе алмасу бағдарламасын аяқтады
27.11.2026
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен италиялық Eni компаниясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық аясында ҚМГ-ның тобы қызметкерлерінің кәсіби құзыретін жетілдіруге бағытталған бірлескен тәжірибе алмасу бағдарламасы аяқталды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – бизнес-процестерді жетілдіру, цифрландыру мен автоматтандыру, корпоративтік басқару, энергетикалық болжамдар және саланың өзекті мәселелері бағыттарында қызметкерлердің практикалық білімі мен дағдыларын дамыту.
Оқуды Eni Корпоративтік университетінің мамандары 2026 жылғы шілде-қараша аралығында ақысыз негізде өткізді. Сабақтар онлайн түрінде және Астана қаласындағы офлайн кездесулерді қамтитын гибридті форматта ұйымдастырылды.
Бағдарламаға ҚМГ және оның Eni компаниясымен бірлескен жобаларға тартылған еншілес ұйымдарының 22 қызметкері қатысты. Олардың ішінде «ҚМГ Қашаған Б.В.», «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» және «KMG Green Energy» ЖШС өкілдері бар.
Халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасу қатысушыларға энергетика саласындағы заманауи тәсілдер мен озық тәжірибелер туралы түсінігін кеңейтуге мүмкіндік берді.